Биыл қонаққа бармаймыз
Сыйлық мәселесіне келсек, министрдің айтуынша, уақыттың тапшылығына байланысты балаларына сыйлықты әйелі таңдайды. Балалары берген сыйлықтар Қазақстанның бас дәрігерінің есінде қалған. Олар жаңа жылдық суреттер мен қолөнер сыйлаған. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев: Отбасыммен қарсы алмаймын"Жұмысыма байланысты отбасыма аз уақыт бөлемін. Тіпті, демалыс күндері мені таңертең ерте немесе түнде бір-ақ көреді. Сондықтан жаңа жылды, әрине, үйде, отбасыммен өткіземін. Бұл отбасылық мереке, сондықтан біз әдетте үйде боламыз немесе жақын достарыма, туыстарыма барамыз. Бірақ биыл жақын адамдарымыздың денсаулығына қауіп төндірмеу үшін қонаққа бармаймыз. Оның үстіне 2020 жыл бір-бірімізге қамқорлық жасаудың қаншалықты маңызды екенін көрсетті", – дейді министр.
Мереке күндері мен әдеттегідей қызметте боламын. Кезекші нарядты және азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын күзететін барлық қызметкерді құттықтаймын. Өйткені полиция мереке күндері әрқашан күшейтілген қызмет түріне көшеді.Министр жаңа жылға туыстарына қандай сыйлықтар беретінін егжей-тегжейлі айтпады. Ақылдаса отырып, қызықты дүние сыйлауға тырысатынын айтты. Әйелінің сыйы министрдің есінде. Жұбайы жаңа жыл қарсаңында ұл сыйлаған болатын. Білім және ғылымминистрі Асхат Аймағамбетов: Жақындарымыздың денсаулығы мен қолдауы маңызды
Жаңа жыл – отбасылық мереке. 31 желтоқсанда жаңа жылды бауырларымызбен бірге қарсы алу үшін жұбайыммен және балаларымызбен анамызға барамыз. Мерекелік дастарқанда бас қосамыз. Біздің отбасымызда сыйлық балаларға беріледі. Әдетте пайдалы нәрсе беремін: дамытатын және үстел ойындары немесе кітаптар. Бірақ біз үшін жақындарымыздың денсаулығы мен қолдауы маңызды.Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин: Өткен жылға арнап алғысхат жазамыз
Жаңа жылды отбасымен бірге атап өтуді жоспарлап отырмын. Жұбайым мен балаларым үйде мерекелік атмосфера жасайды. Жаңа жылдық демалыс күндері біз міндетті түрде аққала жасаймыз, қармен ойнаймыз, фильмдер көреміз. Жақында ғана үйді безендірдік. Шырша құрып, бірге безендірдік. Кіші ұлым жұлдызша орнатты. Өткен жылға алғыс хатын жазамыз. Не істегенімізді, өткен жылмен салыстырғанда қандай жақсы нәтижелер болғанын атап өтеміз. Сосын алға жаңа мақсаттар қоямыз. Жылды коньки, шаңғы тебуден бастаймыз.Министр отбасында бір-біріне эмоция сыйлау маңызды екен. Балаларының сыйлығы Бағдат Мусиннің есінде қалған. Олар арнайы видео түсіріп, Жаңа жыл мерекесімен құттықтаған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов: Жақындарың берген кішкентай сыйлықтың өзі қымбат Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жаңа жылды отбасымен қарсы алуды жоспарлап отыр. Бұл – жылдағы дәстүр. Екі жыл ғана отбасымен қарсы алмады. Өйткені Совет армиясында қызмет еткен еді. Министр бұрын балаларына түрлі ойыншықтар, кітаптар, гаджет сыйлайтын. Ал қазір олар ересек. Сондықтан бір-біріне өзгеше сыйлықтар береді.
«Кез келген, тіпті жақындарың берген кішкентай сыйлықтың өзі қымбат. Ең бастысы, жаңа жылды бірге қарсы аламыз», – дейді министр.