Nur Otan партиясынан Алматы облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Әбдіжаппар Қыстаубаев Бақанас ауылындағы «Шапағат» сауда үйінде тұтынушылармен кездесу өткізіп, көпшілікке партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.
– Біз 2025 жылға қарай «Бір терезе» қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін 90 пайызға жеткізуге атсалысамыз. Сонымен қатар заманауи технологияларды қолдана отырып мемлекеттік қызметтерді толық автоматтандыруға көшеміз. Мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне партиялық және қоғамдық бақылау жасауды жоспарлап отырмыз. Nur Otan партиясы ашық пікірталас алаңына айналады және аймақ тұрғындарының мәселелерін шешуге жәрдемдеседі, – деген Әбдіжаппар Қыстаубаев партияның сайлауалды бағдарламасында межеленген міндеттермен мақсаттарды атап өтті. Кездесуге қатысушылар мүмкіндікті пайдаланып, маңызды мәселелерге қатысты ойларын жеткізді. Айталық, күрежол бойына бейнекамера орнату қажеттігі туындап отырғанын, сол арқылы жол-көлік апаттарын азайтып, алдын алуға жол ашылатынын айтты. Тұрғындарға жауап берген үміткер: «Талдықорған қаласы мен 11 ауданда 800-ге жуық бейнебақылау камераларын орнатуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар бес жыл ішінде жыл сайын 30 патрульдік автокөлік сатып алу көзделген. Қоғамдық көмекшілер саны 5 мыңға дейін өседі. Сондай-ақ 39 учаскелік полиция бекетінің құрылысы аяқталады», – деді. Кездесу соңында Әбдіжаппар Қыстаубаев Балқаш өңірінің тұрғындарын 10 қаңтарда өтетін сайлауға белсенді қатысуға және Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырды.Nur Otan партиясы Алматы облысының сайлау қорының қаражатынан төленді.