Ерлан Тұрғымбаев елордалық полицияның жеке құрамымен кездесті
Ерлан Тұрғымбаев елордалық полицияның жеке құрамымен кездесті
214
оқылды
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев елордалық полицияның жеке құрамымен кездесті. Ведомство басшысы Полиция департаментінің жеке құрамымен кездесіп, жыл қорытындысын шығарды. Сондай-ақ елордалық полиция қызметіне баға берді.
«Сіздер еліміз үшін маңызды шешімдер қабылданатын және маңызды саяси оқиғалар өтетін елорданың тыныштығын қорғап, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етесіздер», – деп атап өтті Ішкі істер министрі.
Ерлан Тұрғымбаев Қазақстан Президентінің тапсырмасын іске асыру аясында азаматтардың құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмысты күшейту қажет екенін айтты.
Елордалық Полиция департаментінің басшысы еліміздің бас қаласындағы жағдай тұрақты екенін атап өтті. Биыл тіркелген қылмыстар саны 5 мыңға азайған. Жаңа жылды мерекелеу қарсаңында полиция қызметкерлері қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына көшірілді және азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын. Ерлан Тұрғымбаев кездесу барысында елордалық полиция қызметкерлеріне пандемия кезеңінде атқарған қызметі үшін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен марапатталғандарға «Халық алғысы» медалін табыстады.
Сонымен қатар департаменттің жеке құрамын келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, алдағы уақытта елордадағы заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту бойынша алға қойған міндеттерді ойдағыдай орындауына тілектестік білдірді.