«Ақ жол» партиясының елордалық филиалы мереке қарсаңында шаңғы марафонын өткізді
«Ақ жол» партиясының елордалық филиалы мереке қарсаңында шаңғы марафонын өткізді
5,187
оқылды
«Ақ жол» партиясының астаналық филиалы Жаңа жыл қарсаңында елордалық саябақта «Жаңа жылда-жарқын жолмен!» шаңғы марафонын өткізді. Үгіт-насихат науқаны аясындағы іс-шара келе жатқан 2021 жылы салауатты өмір салтын насихаттау және жағымды қоғамдық көңіл-күй қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Марафонға партия көшбасшысы Азат Перуашев, «Ақ жол» депутаттығына кандидаттар, қалалық филиалдың басшылығы мен активі қатысты. Осылайша «ақжолдықтар» салауатты өмір салтын ұстанатындықтарын көрсетті.
«Дені сау ұлт қана биік мақсаттар мен міндеттер қоюға және оларды шешуге қабілетті. Біз алға ұмтылатын партиямыз. Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз», - деді филиал төрағасы, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаттығына кандидат Асқар Смағұлов.
Жарысқа қатысқан жастар шараның ерекше рух пен жігерлілік беретінін атап өтті. Марафоннан кейін Азат Перуашев қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтады.
«Өткен жыл біздің еліміз үшін ғана емес, бүкіл адамзат үшін қиын болды. Бірақ ол еліміздің мықты бірлігін  көрсетті, себебі біз пандемияның қиындықтарын бірге еңсердік… Барлық проблема ескі жылда қалсын. Ал жаңа жылда бірлігіміз, достығымыз және жанашырлығымыз арта түссін. «Ақ жол» партиясы өз сайлаушыларының үмітін ақтауға тырысады. Жаңа, 2021 жыл жетістіктер, үлкенді-кішілі жеңістер жылы болсын. Денсаулық пен амандық тілеймін!», - деді Азат Перуашев.