Елордада биыл жылдағыдай отшашу болмайды. Жаңажылдық безендіруге де артық қаржы бөлінген жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қала әкімдігінің мәліметінше, ескі шырша қайта орнатылды. Алаңдар мен саябақтарды безендіруге демеушілер көмек берген. Бірнеше күннен бері қала халқы әдемі жерлерді аралап, мерекелік көңіл күйді сезініп жатыр. Кешеден бері күн аяз. Синоптиктер алдағы бірнеше күн ауа температурасының 35 градусқа дейін төмендейтінін болжады. Алайда сарышұнақ аязға үйренген елордалықтар үйде отырған жоқ. Бірі сырғанақ теуіп, енді бірі әдемі безендірілген жерлерді тамашалап жүр. Бас қаланың бірнеше жерінде шырша орнатылып, мұз айдындары мен сырғанақтар жасалды. Ең үлкен шырша ЕХРО ауданына қойылды. «Пирамида» маңына да біраз адам жиналыпты.
https://youtu.be/57IV-ECuvA0
Биыл қала әкімдігі жаңажылдық безендіру мен абаттандыруға қаржыны үнемдеп жұмсапты. Осындай шаралардан ауысқан 43 млрд теңгенің басым бөлігін емханаларға аударған. Не десек те, күнтізбе ауысатын күнді халық асыға күтеді. Жаңа жылдан жақсылық тілеп, бір-бірін мерекемен құттықтайды. Әсіресе, балалар үшін ерекше мейрам бұл.