Түрлі пішіндегі ертегі кейіпкерлері көпшіліктің қызығушылығын туғызып отыр. Әсіресе, ол жер – балалардың сүйікті орнына айналып үлгерді. Бұл – 30238 әскери бөлімі офицерлері мен келісімшарт негізіндегі әскери қызметшілердің тұрғындарға жаңа жылдық тартуы. Олар бұл істі алдағы уақытта да дәстүрге айналдырмақ.
– «Батыс» өңірлік әскери қолбасшылығының әскери қызметкерлерінің шешімімен жасалған. Қазір балалардың ойнайтын ойын-сауық кешендерінің істемеуі әрі көп жердің жабық болуына байланысты қардан қалашық жасамақ болдық. Сөйтіп, кішкентайлардың көңіл-күйін көтеріп, қуантқымыз келді, – дейді 30238 әскери бөлімі батальоны командирінің орынбасары Бекжан Кеңес.