Елімізде зейнетақы мен жәрдемақы өсті
Елімізде зейнетақы мен жәрдемақы өсті
210
оқылды

2021 жылдың 1 қаңтардан бастап мемлекеттік базалық зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өсті.

1 қаңтардан бастап жасы мен еңбек стажына байланысты зейнетақы төлемдерін алатын азаматтар үшін зейнетақы мөлшері 7 пайызға өсті. Қазір ең  төменгі зейнетақы – 43 272 теңге. Ал жалақының ең төменгі мөлшері, яғни 42 500 теңге өзгеріссіз қалды. Зейнетақысы ең төмен тұрғындар Түркістан облысында тұрады. Олар айына 40 мың теңге алады екен. Зейнетке шығу жасы әйелдер үшін 60 жасқа дейін көтеріледі. Алайда 2020 жылы олардың зейнетке шығу жасы 59 жас болып бекітілген. Ер адамдардікі өзгеріссіз, 63 жас болып қалды. Сонымен қатар 2021 жылдан бастап бірінші немесе үшінші баланың тууына берілетін бір реттік жәрдемақы 105,5 мыңнан 110,8 мың теңгеге дейін, төртінші және одан көп балаға – 175-тен 183,7 мың теңгеге дейін өсті. Көпбалалы аналарға ай сайынғы жәрдемақы да өскен:
  • Төрт балаға - 44,5-тен 46,7 мың теңгеге дейін;
  • Бес балаға - 55,6-дан 58,4 мың теңгеге дейін;
  • Алты балаға - 66,8-ден 70,1 мың теңгеге дейін;
  • Жеті балаға - 77,9-дан 81,8 мың теңгеге дейін;
  • Сегіз балаға - 88,8-ден 93,3 мың теңгеге дейін;
  • Тоғыз балаға - 100-ден 105 мың теңгеге дейін;
  • Он және одан көп балаға - 111,1-ден 116,6 мың теңгеге дейін.
Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) төлемі өзгеріссіз қалды – тағайындау үшін шекті табыс күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін есепке алынады. Бірақ бір шартпен, отбасының еңбекке қабілетті мүшелері жұмыс істеуі керек. Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмек алу шарттарын жеңілдетуді қолға алды.