Парламент Мәжілісі сайлауы өтетіні туралы жарияланған соң тіркелген барлық саяси партиялар партияішілік съездер өткізді. Алты саяси партияның ішінде "Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы" ғана электоралдық науқанға бойкот жариялады.
Сайлау өтетіні туралы хабар, партия алаңындағы жандану қазақстандықтардың қызығушылығын туратыны сөзсіз. Зерттеу нәтижесіне сәйкес сауалнамаға қатысқандардың 65,3% елдің саяси өміріне айтарлықтай қызығушылық танытатыны белгілі болды. Шамамен әрбір бесінші қазақстандық (19,8%) елдің саяси өмірі туралы жаңалықтарға назар аудармайтыны белгілі болды. Респонденттердің 14,9% ғана саяси жаңалықтарды үнемі бақылап отыратыны белгілі болды.
Жалпы алғанда қоғамда Парламент Мәжілісі сайлауы туралы қазақстандықтардың 78,9% біледі. Қазақстандықтардың тек 18,1% ғана Парламент Мәжілісі және Мәслихаттарына депутаттар сайлау туралы бірінші рет естіп тұрғанын айтқан.