Кадрларды қайта даярлау арқылы мамандарға сұраныс артады
Кадрларды қайта даярлау арқылы мамандарға сұраныс артады
241
оқылды

Облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Қадырғали Жаманбалин Қоныспайұлының «ЦУМ» сауда орталығының келушілерімен экспромт-кездесуі өтті.

Кездесу барысында кандидат сауда орындарының иелерімен әңгімелесіп, партия бағдарламасының негізгі тармақтары туралы айтып, 10 қаңтарда өтетін сайлауға шақырды.

– Nur Otan партиясы әркімнің лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуі үшін жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен тұрақты жұмыс орындарының санын арттыруға қол жеткізетін болады. Бұл үшін Nur Otan партиясы еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, кадрларды қайта даярлау бағдарламаларын іске асырады. Сондай-ақ басқа өңірлерден білікті кадрларды тарту қарастырылады, – деді кандидат.

Азаматтың қай сайлау учаскесіне жататындығын анықтау міндетті шарт. Мұны kostanayelection.kz сайтына өту арқылы жасауға болады. Осы сайтта азамат өз ЖСН енгізу арқылы сайлау учаскесін білуге болады. – Бүгіндері барлық азаматтар партиядан нақты мәселелерді шешу және бастамаларды алға жылжытуды күтеді. Nur Otan партиясы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етуге, жұмыс орындарын сақтауға, біздің қаламызды қауіпсіз және жайлы ету үшін барлық күшті салатын болады. Біз оған қалай қол жеткізу керек екенін нақты білеміз! Бізді ортақ мақсат біріктіреді – ол әрбір тұрғынның өмір сүру деңгейін арттыру, – деді Қадырғали Жаманбалин.

Nur Otan партиясы Қостанай облысының сайлау қорының қаражатынан төленді.