64 жастағы павлодарлық жаңажылдық отшашудан зардап шекті
64 жастағы павлодарлық жаңажылдық отшашудан зардап шекті
208
оқылды

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, зардап шеккен Павлодар облысы Розовка ауылының тұрғыны  екен.

«2021 жылғы 31 желтоқсанда сағат 00.19-да пиротехникамен жарақат алғаны туралы хабарлама келіп түсті. 1956 жылы туған әйел оң жақ көзін жарақаттап алды. Оның көзіне салют жарықшағы түскен», - делінген ведомствоның хабарламасында. Зардап шегуші облыстық аурухананың көз бөліміне жатқызылды. Қазір оның жағдайы тұрақты. Дәрігердің айтуынша, әйел жеңіл күйік алған.