1 қаңтардың дерегіне сәйкес елордада 32 бала дүние келген.
Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сәйкес, көпбейінді қалалық ауруханалардың акушерлік бөлімдерінде түнгі 00:00-ден қазіргі уақытқа дейін 16 қыз және 16 ұл бала дүниеге келді.
Өткен жылмен салыстырғанда 8 балаға көп. Өткені былтыр дәл сол күні 26 нәресте дүниеге келген екен. Жалпы, елордада орта есеппен тәулігіне 30-35 бала туады.