Каратэден Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қайтыс болды
Каратэден Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қайтыс болды
153
оқылды
Каратэден Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Жасталап Санауов қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Танымал спортшы әрі жаттықтырушының қазасы туралы Ерлан Карин айтты. "Жасталап Санауов қазақстандық каратэнің негізін қалаушылардың бірі болды. Ол көптеген жыл бойы Қазақстан каратэ-до федерациясын басқарды, каратэ бойынша әлемге әйгілі Jk Fan журналының республикалық нұсқасын шығарды. Оның арқасында Қазақстанда беделді халықаралық турнирлер өткізілді. Ол халықаралық каратэ қоғамдастығында құрметке ие болды. Дүниежүзілік каратэ-до федерациясының атқарушы комитетіне сайланған ТМД елдерінен шыққан алғашқы және жалғыз өкіл", – деп жазды Карин Facebook желісіндегі парақшасында. Жасталап Санауов 1966 жылы 26 мамырда Алматыда дүниеге келген. Халықаралық деңгейдегі спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебін бітірген. ҚазПТИ-де оқыған. Ол бала кезінен спортты жақсы көретін. Каратэ-додан бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы, үш дүркін КСРО чемпионы, Азия чемпионатының жүлдегері, Еуропа және әлем чемпионы. 1986 жылдан бастап жаттықтырушылықпен айналысты, көптеген халықаралық спорт шеберін және әлем чемпиондарын дайындады.