Жастар “2021 жылы “Ақ жолмен” бірге!” челленджін бастады
Жастар “2021 жылы “Ақ жолмен” бірге!” челленджін бастады
270
оқылды
Жас “ақжолдықтар” әлеуметтік желілерде “2021 жылы “Ақ жолмен” бірге!” челленджін бастап кетті. Челленджді партияның Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы “Ақ жол-жастар” жастар қанаты бастады. Шара алдағы Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына арналған. “Ақжолдықтар” жаңа жылдық бейнероликте қазақстандықтарға сыбайлас жемқорлық, “Алаш” идеясы, әлеуметтік әділеттілік және нарықтық экономиканың дамуы туралы айтады. “Ақ жол-жастар” жастар қанатының белсенділері партия ұсынған өзгерістерді және олардың қажеттілігін еске салып, алдағы сайлауда қазақстандықтарды “Ақ жол” демократиялық партиясына дауыс беруге шақырады. “Біздің таңдауымыз «Ақ жол»! “Ақ жолға” дауыс бер!”, – дейді маңғыстаулықтар. Сондай-ақ бұл челленджге Алматы, Павлодар, Қарағанды, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының белсенділері де қатысады. Маңғыстау жастары 2021 жылы “Ақ жолмен” бірге!” челленджін Алматы облысына  жолдады.