Елімізде 1 қаңтардан бастап педагогтердің еңбекақысы 25 пайызға көбейді.
Президент тапсырмасымен педагогтердің айлығы тағы 25 пайызға көбейіп отыр. Мектеп мұғалімдерінің ғана емес балабақша педагогтерінің, қосымша білім беру, колледждер мен жоғары оқу орындары мамандарының да еңбекақылары көбейді. Сонымен қатар мұғалімдер біліктілік санатына қарай еңбекақының 30-дан 50 пайызға дейінгі көлемін қосымша ала алады.Сабақты ағылшын тілінде жүргізгені үшін, дәптер тексергені үшін, сынып жетекшілігі үшін де қосымша ақы төленеді. Бқдан бөлек өткен жылдан бастап магистрлік дәрежесі бар мұғалімдерге 27 мың теңге көлемінде қосымша төлем беріле бастаған еді.