WhatsApp қосымшасында жаңа қызмет пайда болды
WhatsApp қосымшасында жаңа қызмет пайда болды
141
оқылды

Енді бұл месенджерде қоңырауды күту режиміне қоюға болады

Бұл туралы androidpolice.com сайты хабарлады. Ескеретін жайт, сөйлесу барысында түскен қоңырау біріншісін күту режиміне түсірмейді. Бұған дейін WhatsApp-та қоңырау аяқталғанша хабарласып жатқан басқа абоненттер туралы ақпарат берілмейтін. Басқа адамның хабарласқанын тек сөйлесіп болған соң ғана көруге болатын. Кейінірек қосымшада хабарласып жатқан абоненттің қазір бос емес екенін ескертетін қызмет пайда болды. 

Енді бір абонентпен сөйлесіп жатқан кезде екінші адам қоңырау шалса арнайы дыбыстық хабарлама келіп, экранда ол қоңырауды қабылдауға немесе одан бас тартуға мүмкіндік беретін батырма шығады. Жақында басқа да жаңа мүмкіндіктер қосу жоспарда бар.

Бұл қызмет қосымшаның WhatsApp 2.19.352  және WhatsApp Business 2.19.128 нұсқаларына енгізілген. Сондай-ақ бағдарламаны жасаушылар мессенджердің қуат қолданысын азайтып, құлыпты саусақ таңбасымен ашу мүмкіндігін қосқан.