Зайсанда бір ғасыр жасаған сайлаушы тұрады
Зайсанда бір ғасыр жасаған сайлаушы тұрады
211
оқылды

Nur Otan партиясының Зайсан ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасында аудандағы әр тұрғынға жайлы, қауіпсіз, әлеуметтік бағдарланған, тарихы мен мәдениеті дамыған, экономикалық тұрақты жағдай жасау қарастырылған. Біздің қоғамда басты құндылық та, басты байлық та – адам өмірі мен денсаулығы. Халқының тынышытығы мен береке-бірлігі бірініші кезекке қойылған елде тұрғындардың ұзақ жасауы, денсаулығы мықты болуы – сөзсіз.

Саяси дода кезінде партияның аудандық қоғамдық штабының мүшесі, аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Фархат Мұхаметқалиев әрбір сайлаушыға Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, үгіт-насихат жұмысын жүргізуді ауылдың үлкендерінен бастағанды жөн санаған. Қазыналы қарттарымыз халықтың арасындағы ынтымақты нығайтып, береке-бірлігімізді арттырады. Шалқар ауылының тұрғыны, бүгінде 103 жасты алқымдаған Үркімбай ақсақал партияның бағдарламасын тыңдап, осы уақытқа дейін талай сайлаудың куәсі болғандығын, талай қиыншылықтарды кездестіргенін айтып, бабаларымызға арман болған бүгінгі тәуелсіздікке қол жеткізу жолындағы Елбасынының еңбегіне деген алғысын айтта келе, өзінің таңдауы Nur Otan партиясы болатындығын зор қуаныш сезіммен білдірді.

 Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Заңының 28 бап, 5 тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан аудандық мәслихатына депутатар сайлауға  Nur Otan партиясы қоғамдық бірлестігінің сайлау қорынан төленді. 

Тапсырыс беруші: М.Мұратқызы