Кандидат көп балалы отбасымен кездесті
Кандидат көп балалы отбасымен кездесті
118
оқылды

«Ана бір қолмен бесік тербетсе, бір қолмен әлемді тербетеді» деп айтылған сөздің астарында өмірдің шындығын көруге болады. Дені сау, білімді, өнегелі, өнерлі, мәдениетті ұрпақты дүниеге әкеп, өсіріп, тәрбиелеу өте қиын міндет. Осы міндетті орындау ата-анаға жүктелген, маңызы зор парыз. Олармен қатар қоғамның, қоршаған ортаның ықпалы да зор.

Сол аналардың мәселелерін, мұң-мұқтажын тыңдап, мүмкіндігінше шешу, қол үшін беру мақсатында Зайсан аудандық маслихат депутаттығына үміткер С.Марқабаев «Есіктен есікке» акциясы аясында Зайсан қаласының тұрғыны, көп балалы ана Б.Елемесованың отбасымен кездесу өткізді. Депутаттыққа үміткер С.Марқабаевқа ананың қояр сұрағы да болды. Кездесу барысында С.Марқабаев партия филиалының әлеуметтің әлеуетін арттыру бағытында жасалған бағдарламаның басым 7 бағытына назар аудара отырып, «Жайлы аудан» бағытына тоқталды. Нақтырақ айтсақ, өмір сүру жағдайын жақсарту мақсатында 2025 жылға дейін қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы жүргізілген 60 пәтерлік 2 үйдің және бір бөлмелі 30 пәтердің құрылысы жоспарланып отырғандығы және де 2021-2024 жылдар аралығында тұрғын үймен 350-ден аса отбасы жеке баспанамен қамтамасыз етілетінін айтты. Көп балалы ана бағдарламадан хабардар болып, өз бағытын өзекті мәселелерге арнаған Nur Otan партиясын қолдайтынын айтты. Ата-ана ұрпағын тек қана өсіріп жеткізбей, ары қарай аяқтарынан тік тұрғызып, білім алуға жағдай жасауы қажет. Осы тұрғыда партияның бағдарламасында білімге, отбасы мәселелріне, денсаулыққа ерекше назар аударғанын ерекше атап өтті.

Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Заңының 28 бап, 5 тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан аудандық мәслихатына депутатар сайлауға  Nur Otan партиясы қоғамдық бірлестігінің сайлау қорынан төленді. 

Тапсырыс беруші: М.Мұратқызы