Қазақстанда қазір 22 833 адам коронавирустан емделіп жатыр, оның 266-сының жағдайы ауыр, деп хабарлайдыДСМ баспасөз қызметі.
3 қаңтардағы мәлімет бойынша, 22 833 адам короновирус инфекциясынан (10 646 КВИ+ және 12 187 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 980 пациент стационарда, 17 853 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 266 адамның жағдайы ауыр;
• 54 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 45 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.