Елордада қала маңына қатынайтын 8 автобус маршруты тоқтатылады
Елордада қала маңына қатынайтын 8 автобус маршруты тоқтатылады
208
оқылды
Ауа райының қолайсыздығына (қатты аяз -30 - 38) байланысты қала маңына қатынайтын автобустар тоқтады.  Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
"Ауа райының қолайсыздығына (қатты аяз -30 - 38) байланысты қала маңына қатынайтын № 305, 308, 309, 310, 312, 315, 316, 317 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды", - делінген хабарламада.
Басқа қала маңына қатынайтын бағдарлар линияда.