Әлемде коронавирусқа қатысты жағдай қолайсыз болып тұр - Цой
Әлемде коронавирусқа қатысты жағдай қолайсыз болып тұр - Цой
146
оқылды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қатысты әлемдегі жағдайдың қандай екенін айтты.

Оның айтуынша, коронавируспен сырқаттанушылық жағдайы бүкіл әлемде қолайсыз болып отыр.

"Әлемнің 220 елінде 84 миллион адам коронавирус жұқтырған. Оның ішінде 1 миллион 840 мың адам қайтыс болды. Бұл әлем халқының 2,2 пайызын құрайды. Қазақстанда қазір 156 мың 943 науқас індетті жүқтырған. Сауыққандар саны 87% дейін өсті. Ал маусым-шілде айларында бұл көрсеткіш 60 пайыздан асқан жоқ. Еліміз бүгінгі таңда тәуекелі төмен  "жасыл" аймақта тұр. Тәуекелі жоғары аймақта немесе "қызыл" аймақта қазір Атырау облысы қалды. "Сары" аймақта немесе тәуекелі орташа аймақта 6 өңір: СҚО, Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстары, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары бар", - деді Цой брифингте.

Бұған дейін өткен тәулікте 714 адам коронавирус жұқтырғанын хабарлаған болатынбыз.