Сирияда 8 бала көз жұмды
Сирияда 8 бала көз жұмды
99
оқылды

«Хабар 24»-тің хабарлауынша, Сирияда Ресей ұшақтарының әуе шабуылынан 20 адам қаза тапты.

Телеарнаның мәліметінше, Сирия үкіметі мен Ресей ұшақтары Идлиб провинциясында бірнеше ауылды әуеден бомбалағаннан 20 адам қаза тапқан. Олардың арасында 8 бала бар. Қаза тапқандардың көбісі ресейлік ұшақтардың соққысы кезінде көз жұмған. Бірақ Сирия әскерилері оппозициялық күштер орналасқан аудандағы операцияға байланысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Сириядағы адам құқын бақылау жөніндегі ұйым шабуылдан жапа шеккендердің саны арта түсуі мүмкін деп болжап отыр.