Цой коронавирусқа қарсы қандай вакцина салдыратынын айтты
Цой коронавирусқа қарсы қандай вакцина салдыратынын айтты
5,163
оқылды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ведомство өкілдері коронавирусқа қарсы ресейлік және қазақстандық вакцинаны салдыруды жоспарлап отырғанын айтты. 

"Әзірге мен өзіміздің отандық вакцинаны да, ресейлік вакцинаны да салдырған жоқпын. Біз қорытынды шешімді күтіп отырмыз.  Қазақстанда вакцина тіркеліп, жаппай вакциналау басталған кезде мен бірінші болып мінетті түрде вакцина салдырамын. Бұл жерде ресейлік немесе қазақстандық вакцина деп бөле-жара қарау болмайды. Екеуі де қауіпсіз екенін дәлелдеу үшін біздің әріптестер екеуін де -жартылай ресейлік, жартылай отандық вакцинаны салдыратын болады", - деді Цой.
Министр өзге шенеуніктер вакцина салдыртып жатқан кезде неге жауапсыз отырғанын айтты.
"Біздің әріптестердің екпе салдырып жатқаны жақсы жаңалық деп есептеймін. Денсаулық сақтау министрінің вакцина салдыруы  - вакцинаның 100% қауіпсіз екенін дәлелдеп, халықты жаппай вакцина салтыртуға шақыратын қадам. Сондықтан біз денсаулық сақтау саласындағы сарапшы ретінде вакцинаның тиімділігі және қауіпсіздігі бойынша кепілдендірілген нақты нәтижелер алу үшін оның тіркелуін күтіп отырмыз", - деді ол.