Givemesport.com басылымы 2020 жылдың үздік 15 боксшының тізімін жариялады. Тізімде қазақстандық боксшы Геннадий Головкин де бар, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Дереккөздің хабарлауынша, былтыр басталған пандемияға қарамастан боксшылар мықты жекпе-жектер өткізген.
2020 жылдың үздік боксшылары тізімінде:
1. Тайсон Фьюри;
2. Теофимо Лопес;
3. Эррол Спенс;
4. Джервонта Дэвис;
5. Энтони Джошуа;
6. Сауль "Канело" Альварес;
7. Наоя Иноуэ;
8. Александр Поветкин;
9. Роман Гонсалес;
10. Теренс Кроуфорд;
11. Джозеф Джойс;
12. Александр Усик;
13. Джермелл Чарло;
14. Джермалл Чарло;
15. Геннадий Головкин.
Бұған дейін отандасымыз Геннадий Головкиннің Камил Шереметамен жекпе-жегі 18 желтоқсанда Флорида штатында өтті. Головкин титулын 21-рет қорғады.