Алексей Цой оқушылар мектепке қашан оралатынын айтты
Алексей Цой оқушылар мектепке қашан оралатынын айтты
183
оқылды
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой оқушылар дәстүрлі оқу форматына қашан көшетінін айтты.  Министрдің айтуынша, оқушылардың мектепке оралуы еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты.
"Біз күн сайын мониторинг жүргіземіз. Біз үшін желтоқсан айындағы және жаңажылдық мерекеден кейінгі, сондай-ақ таяу екі аптадағы індетті жұқтыру көрсеткіштері маңызды. Осы көрсеткіштер негізінде карантинді күшейту немесе жеңілдету шараларын қабылдайтын боламыз", - деді министр.
Сонымен қатар министр мерекеден кейін коронавирустың өршуІ мүмкін екенін атап айтты.