Елорда маңындағы алты бағдар бойынша автобустар қайтадан қатынап жатыр
Елорда маңындағы алты бағдар бойынша автобустар қайтадан қатынап жатыр
195
оқылды
Елорда маңына қатынайтын автобустардың алты бағдары жұмысын жандандырды. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.
«Қала маңына қатынайтын бағдарлар қозғалысына шектеу алынып тасталды. Осыған орай №№ 308, 310, 312, 315, 316, 317 бағдарлар қайтадан қатынайды. № 305, 309 бағдарлар бойынша ақпаратты кейінірек ұсынамыз», - делінген хабарламада.
Бұған дейін қала маңына қатынайтын 8 автобус маршруты уақытша тоқтатылған еді.