Елордада апатты жағдайдағы үйлер мен барақтарда тұрып келген 400-ге жуық отбасы жаңа пәтердің кілтін алды
Елордада апатты жағдайдағы үйлер мен барақтарда тұрып келген 400-ге жуық отбасы жаңа пәтердің кілтін алды
223
оқылды
Елордада апатты жағдайдағы үйлер мен барақтарда тұрып келген 400-ге жуық отбасы жаңа пәтерлердің кілттерін алды. Қалада апатты жағдайдағы ескі үйлерді бұзу және тұрғындарды қауіпсіз үйлерге көшіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі хабарлайды.
"Апатты жағдайдағы 6 ескі үй мен барақ тұрғындары жаңа, қауіпсіз баспанаға ие болды! 400-ге жуық отбасы қауіпті пәтерлерден көшірілді! Бұл апатты үйлердің арасында 80 жылдан астам уақыт бұрын салынғандары да бар. Олардың төбесінен су ағып, қабырғалары сөгілгелі тұрған; пәтер іші сыз және тағы басқа да келеңсіздіктерге толы еді. Кейбір тұрғын үйлерде орталықтандырылған жылу жүйесі болмаған. Тұрғындар пәтерлерін пешпен жылытқан. Қазір адамдар жүктерін тасып, көшіп жатыр. Ескі үйлерді сүру жұмыстарын «Елорда Дамумен» бірге «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүргізіп жатырмыз. Бұған қоса Мемлекет басшысының тапсырмасымен жеңілдікпен берілетін қолжетімді баспана құрылысы көлемін де арттырамыз",– деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.
Барақ түріндегі үйдің тұрғыны Зоя Балтышева бұрын пешті қыздырып, күлді шығару ыңғайсыздық тудырғанын айрықша атап өтті. «Әрқайсымыздың пәтерімізде пеш болды. Отын, көмір жинау тұрақты жұмысымыз. Жер үй болмаса да пәтеріміз пешпен жылытылды. Жаңадан алған баспанамыз кең, жанға жайлы. Өте ризамын!» – деді Зоя Балтышева. Елорда «Барақта тұрғанның қандай екенін білесіз бе? Пеш, су, көмір, отын. Оның бәрін тасу керек. Күлін шығарған сайын үйдің іші шаң-тозаң болады. Ал жаңадан көшкен пәтерімізде бәрі керемет. Қатты ұнады», – деді Дмитрий Сёмин. Бұған дейін елорда әкімі Алтай Көлгінов осы алты үйдің тұрғындарымен кездесіп, оларды бұзу тізіміне енгізуді тапсырған болатын. Сондай-ақ, Дүкенұлы көшесі, 21 (Сарыарқа ауданы) мекенжайы бойынша орналасқан 5 қабатты апатты жатақхананың тұрғындарымен кездесті. 170 бөлмелі жатақхана 55 жыл бұрын салынған. Үйді техникалық байқаудан өткізу кезінде тозу 60%-дан астамды құрайтыны анықталды, ғимарат апатты деп танылды. Аталған апатты үй елорда әкімінің тапсырмасы бойынша мерзімінен бұрын бұзу тізіміне енгізілген. Үйді келесі жылы бұзу жоспарланған. Елордада апатты жағдайдағы ескі үйлерді бұзу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. https://youtu.be/yqu3-EeWcns