Бизнес нысандарына 107 миллион теңге айыппұл салынды
Бизнес нысандарына 107 миллион теңге айыппұл салынды
333
оқылды

Басты міндет – санитарлық-эпидемиологиялық шаралардың сақталуын бақылау.

2020 жылдың 8 қазанынан жаңа жылдың 2 қаңтарына дейін 700 іс-шара өткізіліп, 5916 нысан қамтылды. Тексеру қорытындысы бойынша 1142 (19,3%) нысаннан карантиндік шаралардың бұзылуы анықталды. ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-бөлігі бойынша шектеу іс-шараларын сақтамағаны үшін жалпы 107 млн теңгеден астам сомаға барлығы 997 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Сонымен қатар, соңғы аптада 44 тексеру іс-шаралары жүргізіліп, 337 нысан қамтылды, 23 (7%) нысаннан бұзушылықтар анықталды. Бұзушылықтардың басым бөлігі Әуезов, Бостандық, Медеу аудандарына тиесілі. 462-баптың 1-тармағы «тексеру жүргізуге кедергі келтіру» және 462-баптың 3-тармағы «бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқамаларды орындамау» бойынша барлығы 17 материал сотқа қарауға берілді.
  • Медеу ауданы – 11 шұғыл ескертпе бойынша 7 материал («Манана»-2 мейрамханасы, «Отрар бар» (Танцы)-4 ЖШС, «Централ»-1 дәмханасы, «Hookan Dreems»-1 лаундж бары, «Глобал Фудэнд» ЖШС Небо-1 бары, «Оранжери Group» ЖШС рестобар-1, «BM Trade Company» ЖШС «Артист»-1 бары);
  • Түрксіб ауданы – 4 материал  («Раяна» мейрамханасы Илахунов ЖК, «Атлантис» бильярд клубы Бижанов Р.М. ЖК, «Прованс» дәмханасы, «Шашлычный двор» дәмханасы);
  • Алмалы ауданы – 3 материал («Арагоста» дәмханасы, «Дегирмен»,  «Дореми» караокесі);
  • Әуезов ауданы – 462-бап бойынша 3 шұғыл ескертпе бойынша 3 материал ( «Мята»-1 лаунж бары, «Алмалы»-2 караоке-бары, «Playstation Go»-1 ойын клубы).

Сот келесі нысандар бойынша 1 айға қызметін тоқтата отырып, 100 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салу туралы шешім шығарды: «До ре ми» караокесі – Бисенева Л. ЖК; «Дегирмен» дәмханасы – «ASM group» ЖШС; «Atlantis» бильярд клубы – Бижанов Р. ЖК; «Раяна» дәмханасы –  Илахунов ЖК; «Прованс» – ДиСи Гарибян ЖК; «Hookan Dreems» дәмханасы – «Suddenly» ЖШС, «Оранжери» рестобары – «Оранжери Group» ЖШС. «Арагоста» диско бары – «АсЖан» ЖК бойынша – қызметін 3 айға тоқтата отырып, 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салу туралы шешім шығарылды.