«Оқ атты» – Жаркентте күдіктілер ұсталды
«Оқ атты» – Жаркентте күдіктілер ұсталды
163
оқылды

Бұл туралы Алматы облысы Полиция департаменті хабарлады.

«Кеше Панфилов ауданының полиция бөліміне Жаркент қаласында ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті. Ол оқ жарақатынан қайтыс болған. Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы қайтыс болған адамның жергілікті тұрғын, 39 жастағы азамат М. екенін анықтады. Қылмыс ашылды. Жаркент қаласының екі тұрғыны күдікті ретінде ұсталды. Ер адамдар танысын жеке мәселесі бойынша өлтіргенін мойындады. Олардың айтқаны мұқият тексеріледі. Екеуі қамауға алынды» делінген департаменттің ресми хабарламасында.

Сотқа дейінгі тергеу басталды.