Биылдан бастап Қазақстанда құжат алу бағасы қымбаттады
Биылдан бастап Қазақстанда құжат алу бағасы қымбаттады
333
оқылды

Оның көлемі жыл сайын айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне (АЕК) байланысты өзгеріп отырады.

2021 жылы айлық есептік көрсеткіш 2 917 теңгеге дейін өсті, – деп жазады sputnik.kz.

Паспорт пен жеке куәлік алу құны

Паспорт алуға мемлекеттік баж салығы – 8 АЕК немесе 23 336 теңге.

Жеке куәлік – 0,2 АЕК немесе 583,4 теңге.

Құжаттарды алу мерзімі  – 15 күн. Бірақ қосымша ақы төлеп, құжаттарды жедел алуға болады.

Туу туралы куәлік

Қазақстанда туу туралы куәлік баланы тіркеу кезінде тегін беріледі.

Акт жазбасын өзгерту, толықтыру, түзету және қалпына келтіру – 0,5 АЕК немесе 1 458,5 теңге.

еGov мәліметіне сәйкес, баланың туғанын тіркеу қызметін ұсыну мерзімі – екі жұмыс күні, қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

Өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу 7 жұмыс күні ішінде қарастырылады.

Қажет болған жағдайда басқа мемлекеттік органдарға сұрау салуға 30 күнтізбелік күн кетеді.

Жүргізуші куәлігін алу қанша тұрады?

Жүргізуші куәлігін алу үшін мемлекеттік баж салығы – 1,25 АЕК немесе 3 646 теңге.

Неке қию және ажырасу

Неке қию құны – 1 АЕК немесе 2 917 теңге.

Ажырасуға өтініш беру – 2 АЕК немесе 5 834 теңге.

Бұған дейін 2021 жылдың қаңтарынан бастап жалақы, зейнетақы, жәрдемақы өсетіні туралы жазған болатынбыз.