Астанада төрт күнде 8 көлік өртенді
Астанада төрт күнде 8 көлік өртенді
5,135
оқылды

Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, сегіз көліктің 7-уі жеке тұрғын үй аумағында өртенген.

Көліктер тиісті техникалық тексерістен уақытылы өтпеген. Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдай департаментінің басқарма бастығы Еркін Отарғалымұлы: «Көлікті уақытылы техникалық тексерістен өткізген жөн. Көлік өрттенген жағдайда біріншіден, 101 нөміріне хабарласу керек. Автокөліктерді міндетті түрде өрт сөндіретін құралмен жабдықтау қажет. Егер көлік өртеніп жатса, мүмкіндігінше бірінші кезекте аккумуляторды өшірген дұрыс», – дейді.