Ақтөбеде 20 жастағы келіншектің қазасына қатысты сот процесі басталды
Ақтөбеде 20 жастағы келіншектің қазасына қатысты сот процесі басталды
156
оқылды

Бұл туралы AstanaTV хабарлады.

2019 жылы қазан айында 20 жастағы келіншек екпеден соң қайтыс болған еді. Сот процесі онлайн форматта өтуде. Айыпталушы дәрігер өзіне тағылған айыппен келіспейді. Жас жұбайлар сәби сүюді армандап емханаға келген. Ол жерде дәрігерлер келіншекке ота жасау үшін екпе салған. Бірақ келіншек ота үстінде қайтыс болды. Марқұм 4-дәрежелі анафилактикалық шок алуы мүмкін. Іле-шала қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Бірнеше сот-медициналық сараптама тағайындалды. Прокурор қайғылы жағдай препараттың әсерінен болды дейді. Сотта арнайы комиссия мүшелері де осындай пікір айтты. Олар отаға дейін екпеге алдын ала тексеріс жасалмағанын айтады.

Мемлекеттік айыптаушы Кәмшат Сәлімгереева: «Бұл процедура өте тез жасалған. Дәрігер 40 миллиграмм дәріні бар болғаны он минуттың ішінде қысыммен жіберген. Сол келіншектің ішкі органдарын жарып жіберді деген қауіп бар. Дәрі  қатты ауырсыну туғызған. Жәбірленуші жанұшыра айқайлаған. Бірақ дәрігер емдеуді тоқтатпаған», – дейді.

Бұған дейін Ақтөбеде 20 жастағы келіншектің жекеменшік емханада қайтыс болғаны туралы жазған болатынбыз.