Мыс шахтасында қайтыс болған кеншілердің отбасына қандай көмек көрсетіледі?
Мыс шахтасында қайтыс болған кеншілердің отбасына қандай көмек көрсетіледі?
287
оқылды

Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Кеншілердің жетім қалған балаларына кәмелет жасына жеткенше әкесінің жалақысы беріледі. Ақтөбе мыс компаниясының шахтасында төрт кенші газға уланып қайтыс болған. Тағы бір жұмысшы жарақат алып, қазір үйінде емделіп жатыр. Оқиғаға байланысты республикалық комиссия тексеру жүргізуде. Еңбек инспекторларының айтуынша, Ақтөбе мыс компаниясы қара жамылған төрт отбасына Ақтөбе немесе Хромтаудан үй алып беруге міндеттеліпті. Одан бөлек несиесі болса, толық төлеп беруі тиіс.

Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясының инспекторы Артур Әуезов: «Жұмысшылардың ұсынысы, бастамасымен ұжымдағы жұмысшылар өкілі комиссияның тексеру жұмысына қатысады. Жазатайым оқиғаға ұшыраған адамдардың отбасына әлеуметтік көмек мәселесі анықталып жатыр. Соның ішінде үй мәселесі, несиесін төлеп беру», – деді.

Бұған дейін Ақтөбеде мыс шахтасындағы оқиға туралы жазған болатынбыз.