Шамалған апаты: 5 шақырым айналма жол салынады
Шамалған апаты: 5 шақырым айналма жол салынады
190
оқылды

Биыл Алматы – Нұр-Сұлтан бағытында жол жүретін жолаушылар Шамалған станциясын айналып өтетін болады.

Айналма жолдың құрылысы жүріп жатыр, – деп жазады 24.kz. Бес шақырымнан асатын автомагистральға 15 млрд теңгеден аса қаржы бөлінген. Жол құрылысы биыл аяқталады. Айналма жол арқылы Шамалғандағы теміржол өткелінің жүктемесін азайтпақ. Ол үшін Тұрар, Қошмамбет, Ұлан, Шамалған, Көлащы ауылдарын байланыстыратын 6 шақырым жолға асфальт төселеді. Қаскелеңдегі «Қарлығаш» ықшамауданы тұрғындарының түйткілді мәселесі де шешіледі.

Қарасай аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Айбар Жақанбаев: «Қарлығаш» ықшамауданына кіріп-шығатын жолдарды қоса есептегенде 30 шақырымнан аса жол жөнделеді», – деді.

Бұған дейін Шамалғандағы пойыз апатынан соң тұрғындар теміржол өткелінің қауіпті екенін айтып, көмек сұраған еді.