Ақмолалық полицейлер жоғалған 80 бас жылқыны тапты
Ақмолалық полицейлер жоғалған 80 бас жылқыны тапты
208
оқылды
Ақмолалық полицейлер жоғалған 80 бас жылқыны тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz. Биыл 4 қаңтарда Зеренді АПБ кезекші бөліміне Баратай ауылының 56 жастағы тұрғынынан шамамен 10 күн бұрын Баратай ауылының маңында еркін жайылымнан 80 жылқы жоғалғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Аталған фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері жеті іздеу тобын құрды. Іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері және Зеренді ауданының ПБ учаскелік инспекторлары Баратай ауылынан 25 шақырым қашықтықта орман алқабында жоғалып кеткен жылқы табынын тапты.