Бұрынғы абсолютті әлем чемпионы, жеңіліс көрмеген америкалық боксшы Теренс Кроуфорд спорттық мансабын аяқтағанын жариялады.
Ешқашан жеңіліп көрмеген боксшы мансабын аяқтады
Фото: Al Bello/Getty Images
1,944
оқылды

38 жастағы Кроуфорд әлеуметтік желілерде өзінің мансабындағы ең есте қаларлық сәттерден тұратын видеоны жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Мен ұлы боксшы болып кетіп барамын, дәлелдейтін ештеңем қалған жоқ. Әр боксшы бұл сәттің бір күні болатынын біледі. Бірақ нақты қашан болатынын ешқашан білмейсің. Мен өмірімде бір нәрсені қуалап жүрдім. Әрине, ол белбеу не ақша емес. Маған бүкіл әлем сенбей тұрғанда, рингке шығып, олардың қателескенін дәлелдеу сезімі үшін күрестім. Бұл спорт маған барлығын берді. Мен отбасым үшін, туған қалам үшін және бұрынғы арманшыл, қолында бір жұп қолғаптан басқа ештеңесі болмаған жігіт үшін күрестім», –  дейді Кроуфорд видеода.

Бұған дейін Кроуфорд WBC титулынан айырылған еді, себебі ол Сауль Альвареспен болған жекпе-жек үшін WBC ұйымына төленуге тиіс 300 мың доллар көлеміндегі жарнаны төлемеген. Бұл жекпе-жек 2025 жылдың қыркүйегінде өткен.

Теренс Кроуфорд  WBA Super, IBF, WBO және The Ring белбеулерінің иегері. Оның кәсіби рингтегі есебінде 42 жеңіс бар, оның 31-і нокаутпен аяқталған.