Жол сапасы бақылауға алынды
Жол сапасы бақылауға алынды
358
оқылды

Түркістан облысындағы Төлеби ауданына қарасты жолдардың сапасы нашар болып шықты. Асфальт-бетон жамылғысында жол төсемінің тегістігі сапасыз, жол жиегі үгітіліп, жол төсемі қосылған жерлер біркелкі емес екені анықталған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мәлімдеді.

«Түркістан – адалдық ала­ңы» жо­балық кеңсесінің  «Сапа­лы жол – адалдық алаңы»  ая­сын­да Төлеби ауданына қарасты Лен­гер қаласындағы аудандық маңызы бар  КХТЛ-33 «КХТЛ-31-КХ35 – Ақайдар Екпінді» кө­ше­сі және  КХТЛ-31 «Ленгер КХ-82 Шымкент – Сайрам – Қасқасу – Шымкент» көшеле­рін­де жалпы  ұзындығы  9,3 ша­қы­­рым болатын жолдан сынама алы­­нып, мемлекет бюджеті есе­бі­нен салынған жолдардың сапасы тексерілді.

Мониторинг жұмыстарына атал­ған жобалық кеңсенің ме­нед­жері Е.Тұңғышбаев пен облыстық «Ұлттық  жол актив­тері сапасы  орталығының» ма­ман­дары, аудандық тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылық, жо­лаушылар көлігі және авто­мо­биль жолдары  бөлімінің бас­шы­сы Н.Оспанов және «Мир Строй и Компания» ЖШС тех­ни­калық қадағалаушысы Т.Сү­лейменов,   аудандық мәс­лихат депутаты, Nur Otan партиялық ба­қылау комиссиясының  төра­ға­сы  Р.Сайлауұлы,  мәслихат депутаты  Н.Құлышев пен ар­найы мониторинг топ мүшесі Ж.Аман­гелдиев, сондай-ақ аудан әкімінің  баспасөз  хатшысы  А.Айнабаев пен мердігер ком­па­нияның басшылары қатысты.

Төлеби ауданына жүргізіл­ген мониторингтік бақылау жұ­мысының нәтижесінде ас­фальт-бетон жамылғысында жол төсемінің тегістігі сапасыз екені және жол жиектері үгітіліп, бүгінгі күні жол төсемінің қосыл­ған жерлерінде біркелкілік жоқ екені анықталды. Кемшіліктерді тез арада жою үшін тиісті мер­ді­гер мекемелерге ескерту жаса­лып, сапасыз салынған жолдар­дың құрылысы бойынша нақты тап­сырмалар берілді.

«Алдағы уақытта облыс­қа қа­­рас­ты барлық аудан, қала­лар­­дың жолдары бақылау­ға алынып, мониторинг жұ­­­­мыстары жүйелі түрде жүр­гі­зі­летін болады», – дейді Сыбай­лас жемқорлыққа қар­сы іс-қи­мыл агенттігінің Түр­кіс­тан облысы бойынша де­пар­­та­мен­ті­нің баспасөз қызметі.

 

Түркістан облысы