Шілдеден бастап тиісті нормадан артық газ шығаратын көліктердің айыппұлы 5 есе өседі
Шілдеден бастап тиісті нормадан артық газ шығаратын көліктердің айыппұлы 5 есе өседі
180
оқылды
Биылғы жылдың шілде айынан бастап елімізде тиісті нормадан артық газ шығаратын және қатты гүрілдеп жүретін көліктердің айыппұлы өседі. Өткен сенбі, 2 қаңтар күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске экология мәселелері бойынша өзгерістер мен түзетулер енгізуді көздейтін заңға қол қойған болатын. Осы өзгерістер 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді. Кодекске енгізілген түзетулерге сәйкес, ауаны ластайтын заттарды және дыбысты тиісті нормадан артық шығаратын көлік құралдарына ескерту жасалады, я болмаса, айыппұл салынады. Құжатта айыппұлдың көлемі де көрсетілген.
  • жеке тұлғалар үшін – 10 АЕК немесе 29 170 теңге (қазіргі кезде осы айыппұлдың көлемі 2 АЕК-ті – 5 834 теңгені құрайды);
  • заңды тұлғалар үшін – 100 АЕК немесе 291 700 теңге.
Бір жылдың ішінде құқық бұзушылық қайталанса, айыппұлдың көлемі екі еселенеді.
  • жеке тұлғалар үшін – 20 АЕК немесе 58 340 теңге;
  • заңды тұлғалар үшін –  200 АЕК немесе 583 400 теңге.