Астанада 13 көлік өртенді
Астанада 13 көлік өртенді
183
оқылды

Бүгін сағат 08:52-де Нұр-Сұлтан қаласы Есенберлин көшесіндегі көлік жуу орталығында өрт болды.

Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өртті сөндіруге 9 бірлік техника мен жеке құрамнан 15 адам жұмылдырылған. Өрт сөндірушілер сағат 08:59-да «Батыр» көлік жуу орнына жетті. Екі қабатты ғимарат өртенгенін анықтады.    width= Алдын ала болжам бойынша, 13 жеңіл автокөлік зардап шекті.    width= «Көлік жуу орнында автокөлік көп болғандықтан өртті сөндіру оңай болған жоқ. Өрт сағат 10:21 минутта ауыздықталды, 10:53-те толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», – деді өрт сөндірушілер.