Өскеменде ірі көлемде салықтан жалтарған екі тұрғын 5 жылға сотталды
Өскеменде ірі көлемде салықтан жалтарған екі тұрғын 5 жылға сотталды
211
оқылды
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті ШҚО екі тұрғынына қатысты ірі көлемде бюджетке салық төлеуден жалтару фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды zakon.kz. Тергеу барысында, олардың 2017 -2018 жылдар аралығында жалған кәсіпорындардың жалған есеп шоттарын пайдалана отырып, ҚҚС салық айналымын және сатып алынатын тауар, жұмыс және қызметтер есебіне жатқызылатын соманы төмендету, декларацияларға табыстар мен шығыстар туралы жалған мәліметтерді енгізу, салық салудың басқа объектілерін жасыру арқылы мемлекетке 430 миллион теңге көлемінде салық төлеуден жалтарғаны анықталды. Өскемен қаласы №2 сотының үкімімен олар кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандықтарынан айрылды. Соттың шешімімен прокурордың мемлекетке 430 миллион теңге көлемінде келтірілген шығынды өндіріп алу туралы азаматтық талап арызы толығымен қанағаттандырылды.