Қазақ қызы АҚШ-тағы сұлулық байқауының жеңімпазы атанды
Қазақ қызы АҚШ-тағы сұлулық байқауының жеңімпазы атанды
255
оқылды

Ол бір айда екі рет сұлулық сайыстың жеңімпазы болған.

Қазақстандық модель Ақерке Ысқақова үш аптаның ішінде Америка Құрама Штаттарындағы беделді Miss Nation Universe 2020 байқауының титулы мен тәжін жеңіп алды.
Байқау Лос-Анджелесте қараша айының соңында болды. Оған 39 елдің сұлуы қатысты. Соның арасынан топты жарып шыққан Ақерке Ысқақова болды. Сөйтіп, ол І вице-мисс Global Europe 2019 атағын алды.
Екі аптаның ішінде сұлулар түрлі сынақтардан өтіп, сұлулық тәжі үшін күрескен болатын. Жерлесіміздің ұлттық костюмі мен шеберлігінің арқасында жеңіске жетіп, жерлестерін тағы бір қуантып салды. Бұл жолы ол Miss Nation Universe 2020 басты тәжін жеңіп алды.
 Ақерке Ысқақова сән әлеміне 15 жасынан келген. Нью-Йоркте тұрып, модель болып жұмыс істеп жүргеніне екі жыл болған. Тіпті, соңғы кезде оның фотосуреттері америкалық және француз журналдарының мұқабасын безендіруде. 
Ол негізі радиотехника және телекоммуникация мамандығы бойынша  Алматыдағы Қазақ-Америка университетін бітірген.