Қорасында 3 қап есірткі сақтаған тұрғынды жауапқа тартты
Қорасында 3 қап есірткі сақтаған тұрғынды жауапқа тартты
182
оқылды

Бұл туралы Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков хабарлады.

Басқарма қызметкерлері Мойынқұм ауданының 45 жастағы тұрғынын ұстады. Қораны тінту кезінде жалпы салмағы 4 келі 535 грамм үш қап кептірілген марихуана табылды.

Күдікті Мойынқұм ауданының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу басталды.