WBA ұйымы мексикалық боксшы Сауль Альварес (54-1-2, 36 КО) орта салмақтағы белбеуді босатқан соң жаңа чемпионды жариялады, деп жазады Prosports.kz сайты.
Дүниежүзілік бокс қауымдастығының жаңартылған ретингісінде «Канелоның» енді орта салмақта WBA Super чемпионы емес екені айтылған еді. Бұл салмақта WBA Regular белбеуі жапон боксшысы Риота Мурата тиесілі болған. Енді ол WBA шешімімен "супер чемпион" белбеуін алды.
Альварестің жаттықтырушысы Эдди Рейносо өз шәкіртінің екінші орта салмақта (168 фунтқа дейінгі) жұдырықтасуға назар аударғысы келетінін мәлімдеген.
Сауль Альварес WBA Super белбеуіне 2018 жылдың 15 қыркүйегінде қазақстандық Геннадий Головкинді төрешілердің шешімімен жеңіп, қол жеткізген болатын.