Ойын кезінде есінен танып қалған футболшы көз жұмды
Ойын кезінде есінен танып қалған футболшы көз жұмды
208
оқылды
Португалияда «Альверка» клубының футболшысы Алекс Аполинарио «Униао Алмеримге» қарсы ойын кезінде есінен танып қалып, кейін қайтыс болды. Бұл туралы The Standard Sport хабарлады. Бразилиялық жартылай қорғаушының футбол алаңында жүрек талмасы ұстаған, одан кейін төрт күн өткен соң ол ауруханада көз жұмды. Аполинарио ауруханаға жатқызылды, бірақ оны құтқару мүмкін болмады. Ол оттегі жетіспеушілігінен қайтыс болған.