Есімім үлкен жауапкершілік жүктейді – Сайлау Нақыпбекұлы
Есімім үлкен жауапкершілік жүктейді – Сайлау Нақыпбекұлы
344
оқылды
Мемлекеттік жеке тұлғалар базасының деректеріне сүйенсек, Шымкентте дауыс беру құқығына ие «Сайлау» есімді 57 азамат бар екен. Солардың бірі – Сайлау Медеубаев.
– Мен 1994 жылы 7 наурыз – ҚР Жоғарғы Кеңес сайлауы өтіп жатқан күні дүниеге келген екенмін. Есімімді сол үшін Сайлау қойған. Қазақта «Атыңа затың сай болсын» деген аталы сөз бар. Ата-анам айдар тағып қойған есімді үлкен жауапкершлік деп қабылдаймын. Есімімнің маңыздылығын сезінгендіктен өзім сайлауға қатыспағаным ұят болар деп, бүгін алғашқылардың бірі болып өз таңдауымды жасадым. Жалпы өзім жеке кәсіпкермін. Жас бизнесмен ретінде қала экономикасының дамуына, шаһардың гүлденуіне өз үлесімді қоссам деймін. Осы орайда Шымкент қаласында жеке кәсіп иелеріне жергілікті билік тарапынан қолайлы жағдай қалыптасып, қажетті қолдау көрсетілуде, – деді Сайлау Нақыпбекұлы.

Н.НАЗАРБЕК, Шымкент қаласы