Мен үшін Қазақстандағы сайлауды бақылау қызық болды – Мортен Мидтског
Мен үшін Қазақстандағы сайлауды бақылау қызық болды – Мортен Мидтског
356
оқылды

«Мен үшін Қазақстандағы сайлауды бақылау қызық болды. Жалпы айтқанда, барлығы өте ұқсас. Қазақстан мен Норвегиядағы сайлау арасында аса айырмашылық жоқ», – деп атап өтті халықаралық бақылаушы.

Осы орайда М.Мидтског Қазақстандағы сайлау учаскелеріндегі санитарлық нормалардың сақталуына мән берді.

 «Менің ойымша, Қазақстан пандемия жағдайында сайлауға өте жақсы дайындалған, тіпті өз Отанымнан да жақсы ма деймін. Барлығы жоғары деңгейде өткізіліп жатыр, барлық санитарлық шаралар жақсы сақталған. Сіздерде қоғамдық арақашықтықтың сақталуына аса мән берілген, санитайзерлер орнатылып, барлық сайлаушы маска киген. Мұның барлығы дұрыс. Осының барлығы сайлаушыларға ыңғайлы жағдай туғызу үшін жасалғаны анық. Яғни сайлаушылардың дауыс берулері үшін барлық жағдай жасалған»,– деді ол.

Мортен Мидтског таңертеңнен бері Алматы қаласындағы 5 сайлау учаскесінде болды.