Қазақстанда 5 рет халықаралық бақылаушы болдым –
Қазақстанда 5 рет халықаралық бақылаушы болдым –
287
оқылды

Мемлекеттік жиналыстың (Парламент) депутаты, «Қазақстан – Венгрия» Достық тобының мүшесі, Қыпшақтар одағының президенті Шандор Ковач жалпықалалық баспасөз орталығында өткен брифингте Алматыда сайлау процесін ұйымдастыруға қатысты пікірімен бөлісті. Ол Қазақстандағы сайлаудың жоғары деңгейде өтіп жатқанын атап өтті.

«Мен Қазақстанда шамамен 5 рет халықаралық бақылаушы болдым. Сондықтан Қазақстанда сайлаудың әрқашан жоғары деңгейде өтетінін, бұл жолы да солай өтіп жатқанын атап айтқым келеді», – деді ол. Оның айтуынша, биылғы сайлау ерекше, себебі ол қиын уақытта – пандемия кезінде өтуде. «Біз сайлаудың дұрыс ұйымдастырылғанын байқадық. Мұнда кіру және шығу орындары бөлек, температура тексеріліп, кіреберіс дезинфекциялануда. Осы тұрғыдан алғанда ұйымдастыру жоғары деңгейде. Пандемияға қарамастан сайлаушылар көп дауыс береді деп сенемін», – деді Шандор Ковач. Халықаралық бақылаушының айтуынша, өткізіліп жатқан сайлауда өрескел бұзушылықтар орын алған жоқ. Учаскелік сайлау комиссиялары учаскелерді ұйымдастыруға өте жауапкершілікпен келген. «Қазір әлемдегі барлық жерде адам құқықтарының бұзылуы туралы ақпараттар жиі кездеседі. Алайда, мен Қазақстанда ешқандай бұзушылықтарды байқамадым», – деп атап өтті ол. Ш.Ковач ҚР-дағы дауыс беру мен сайлау процесін жақсарту жөнінде  ұсынымдарын айтты. «Мен адамның өз еркін білдіруі өте маңызды деп ойлаймын. Адамдар неғұрлым көп дауыс берсе, нәтиже де жоғары болады. Әрине, бәрі ақпараттық науқанға байланысты, халық дауыс берудің маңызды екенін  білуі тиіс. Әрқашан алға ұмтылған жөн, ол үшін озық технологияларды қолдану керек», – деді ол.