«Мен сыйлық алу үшін емес өз азаматтық парызымды орындау үшін келдім. Сайлау ел тарихындағы аса маңызды тарихи оқиға. Еліміздің жарқын болашағы мен дамуы үшін әрбір азамат дауыс беруі тиіс деп ойлаймын», – дейді Виталий Балунов.Облыста 722 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Қазір облыс бойынша облыстық азаматтық альянс және кәсіподақтардан 1 005 байқаушы тіркелген. Бұдан бөлек бес партия атынан 1 723 байқаушы сайлау процесіне қатысып жатыр.
Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ,
Ақмола облысы