– Сайлау барысын бақылаудың басты мақсаты – дауыс берудің әділ де адал өтуіне атсалысу. Қоғамның сайлауға деген сенімін арттыру, сайлау өткізу кезінде көзге түскен заңбұзушылық деректерін нақтылау. № 258 сайлау учаскесінде түске дейін 400-ден астам тұрғын дауыс берді. Көтеріңкі көңіл күймен келген халықтың дауыс беруге деген ықыласы жақсы. Маскасыз келген азаматтарға маска таратылды. Бәрі заңға сәйкес болып жатыр. Уақытылы, ешқандай құқықбұзушылық болған жоқ. Ахуал тыныш, – дейді ол.
Миуа БАЙНАЗАРОВА