"Таң азаннан келушілердің көптігіне таңғалдым. Солардың ішінде, әсіресе жастардың көптігіне қуандым. Бұл нені білдіреді? Олардың болашаққа деген сенімінің бар екенін, өздерінің азаматтық міндеттерін, қоғамдық борышын толық түсінетінін білдіреді. Ал дауыс беру процесінде соншалықты заңбұзушылықтар әзірге байқалған жоқ. Бірлі-жарым сайлаушылар тарапынан түсінбестіктерді комиссия мүшелеріне хабарлап отырмыз. Олар дер кезінде ден қойып, түзетіп жатыр" – дейді ҚР ҰҒА академигі, ф.ғ.д. профессор, байқаушы Кәрімбек Арыстанбекұлы.Бүгін елімізде Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Сайлауға «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, Nur Otan партиясы, ADAL саяси партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы, «Қазақстанның Халық партиясы» өз кандидаттарын ұсынған.
Нұрлан ҚОСАЙ