Атырау облысында жарық неге өшті?
Атырау облысында жарық неге өшті?
185
оқылды

«КЕГОК» АҚ-тың Атырау облысы батыс өңірлік филиалының директоры Константин Чернохаевтың айтуынша, 10 қаңтар күні кешке электр желісінің 220 кВЛ-254-Орал-Индер, Л-201-Атырау-Индер және Karabatan Utility Solutions-тың 2 генераторы уақытша істен шыққан.

«Соның салдарынан «Атырау жарықтың» электр желісін тұтынып отырған Атырау қаласының сол жағалау бөлігі, Жылыой, Индер, Қызылқоға, Махамбет, Құрманғазы және Мақат ауданында жарық өшіп қалды. Істен шыққан электр желілерін қалпына келтіріп жатыр», – деді Константин Чернохаев.